Жаңалықтар

Илия Топурия америкалық файтерді нокаутқа жіберді (видео)

Бұл грузин файтерінің аралас жекпе-жектегі 16-шы жеңісі.

Абу-Дабиде аяқталған UFC 308 турнирінің басты жекпе-жегі грузин Илия Топурия (16-0) мен АҚШ өкілі Макс Холлоуэй (26-8) арасында өтті, деп хабарлайды Dopmedia.kz. 

Топурия жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы болып табылады және осы жекпе-жекте өз титулын қорғады. Холлоуэй болса, дәл осы дивизионда әлемнің экс-чемпионы. 

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек үшінші раундта Илияның нокаутымен аяқталды. 27 жастағы спортшы 32 жастағы қарсыласын дәл соққымен құлатып, әрі қарай ұрып тастады. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Топурияның қолын көтерді.

Бұл грузин файтерінің аралас жекпе-жектегі 16-шы жеңісі. Ол бірде-бір рет жеңілмеген. Ал, Макс Холлоуэй сегізінші рет жеңіліс тапты, бірақ бұған дейін нокаутқа түспеген еді.