«Бәрін атып тастаса»: әскерде психикалық ауытқуы бар сарбаздар жүр
Әскерде психикалық ауруға шалдыққан сарбаздар жүргені рас па?
Қазақстан Республикасында 2020 жылдан бері 270 сарбаз қайтыс болды. Оның басым бөлігі өзіне қол жұмсаған, немесе өлтірілген болса, қалғаны денсаулыққа байланысты көз жұмған делінеді, деп Dopmedia.kz тілшісі Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Біздің тілшімізге әскерден жақында қайтып келген сарбаздың айтуынша, медициналық байқау кезінде аурулары бар адамдарды «сау» деп әскерге жібереді.
Сондай-ақ, әскерге психиатриялық психикалық ауытқуы бар сарбаздар да түсе алатыны айтылды. Мұндай адамдар өмірге қауіп төндіреді.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында қатардағы жауынгер Марат Барқұловтың бетіне оқ тиіп, қайтыс болды. Прокуратураның айтуынша, қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің біріндегі взвод командирі байқаусызда оқ атты. Алайда, бұл жағдай байқаусызда болғанына марқұм Мараттың әкесі сенбейтінін айтты. Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы «қасақана кісі өлтіру» оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.