Жаңалықтар

Моңғолия Парижге киіп баратын формасымен таңқалдырды

Желі қолданушылары Қазақстар ұлттық құрамасының киім үлгісімен салыстыруда

Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында желі қолданушылары әр елдің спорттық біріңғай киіміне қызығушылық танытуда,-деп хабарлайды dopmedia.kz 

Ерекше көзге түскен киім үлгілерінің ішінде Моңғолия ұлттық құрамасы да бар.  

Ұлттық құрама киімі- әр елдің өзіндік мәдениеті мен салтын насихаттап, бейнелеп тұруы керек. 
Көптеген желі қолданушыларының назарын моңғолиялық спортшылардың киімі аудартты. 

Көршілеріміздің біріңғай формасын- Michel&Amazonka бренді жасап шығарған. Киімнің дизайнында ұлттық және олимпиадалық ою-өрнектер ұштасқан. 

Сонымен қатар, киім символы ретінде алау, тоғыз мемлекеттік қырықбуын, қазіргі Париж ойындарының эмблемасы және алтын жіптермен кестеленген күн мен ай бейнелеңген.

Желі қолданушылары дизайнерлердің шеберлігіне тамсанып, пікірлерін білдіруде. 

Өз ұлттық құрамамыздың киімінің негізгі түстер ретінде көгілдір және ақ түс таңдалды. Біздің формамызда ұлттық нақышта тігілген. Қазақстандық желі қолданушылары олимпиадашылардың салтанатты киімдері қандай екенін өз көздерімен көріп, бағалап үлгерді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік туды салтанатты түрде қабылдау сәтінде спортшыларымыз алдағы Олимпиада ойындарында көпшілік алдында киіп шығатын киімдерімен келген болатын.

Көпшілік жұрт Қазақстан ұлттық құрамасының ресми формасы Моңғолиядан қарағанда әлдеқайда қарапайым әрі назар аударлықтай емес екенін атап өтуде.