Үлкен теннис

Теннистен Президент кубогы үшін жарыс өтеді

Belline Arena ұлттық теннис орталығында екі апта бойы ATP Challenger Tour және әйелдер арасында ITF World Tennis Tour турнирі өтеді.

Жұптық сында Әмір Омарханов – Ерасыл Ерділдә турнирдің 1-ракеткалары, Израиль өкілі Даниэль Цукерман – аустриялық Нил Оберлайтнермен ойнайды. Григорий Ломакин – өзбекстандық Сергей Фомин тағы бір өзбекстандық Денис Истомин – ресейлік Евгений Карловскиймен, Ислам Орынбасар – Ілияс Маратұлы ресейлік Александр Лобков – қытайлық Арон Вангпен кездеседі. 

Іріктеу сайыстарында Қазақстан намысын Ерасыл Ерділдә, Виталий Зацепин, Ислам Орынбасар және Ілияс Маратұлы қорғайды.