«Мынау не?»: балабақшада беташар ұйымдастырғандар сынға қалды (видео)
Балабақшада беташар ұйымдастырған тәрбиешілер сынға қалды
Сәбилерді үйлендірген балабақшаға іздеу салынды. Әлеуметтік желіде балабақша балаларына беташар ұйымдастырған тәрбиешілердің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Тәрбиешілер балаларға салт-дәстүрді үйрету мақсатында беташар жасаған болуы керек. Бейнежазбада кішкентай қызға ақ орамал жауып, сәлем салғызып жатқанын көруге болады. Аталған бейнежазбаны журналист Гүлмира Әбіқай өзінің желідегі парақшасында жариялап, балабақша мен әдіскерге іздеу салды.
Желі қолданушылары да балабақшада беташар жасап, кішкентай қызды келін болуға үйреткен тәрбиеші мен балабақша басшылығына ашуланды.