Төрехан Сабырхан: Рингті жақсы сезініп алдым
Будвада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 67 келі салмақтағы ұлттық құрама капитаны Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде ауғанстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өтті. Әлеуметтік желі қолданушылары оның тактикасын сынға алғанымен, Төрехан бұл жоспарды бапкерімен арнайы әзірлегенін айтты.
Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні шаршы алаңға 67 келідегі ұлттық құрама капитаны Төрехан Сабырхан шықты. Ол ауғанстандық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Осы тұста Төрехан тарыпына әлеуметтік желі қолданушылардһаң сын көбейді. Яғни, «артық қимыл керек емес», «әрекеттері ерсі көрінді» немесе «көп ашық жүрудің қажеті жоқ» сынды пікірлер жазылды. Ал, Төреханның өзі жекпе-жектен кейін мынадай пікір білдірді.
Айта кетейік, бұл - Төрехан Сабырханның әлем чемпионаты аясындағы алғашқы кездесуі. 1/16 финалда жергілікті, яғни, черногориялық боксшымен жолығуы керек еді. Ол белгісіз себептермен шаршы алаңға шығудан бас тартты. Енді Төрехан 29 қазан күні өзбекстандық Акбар Ахмадовпен кездеседі. Будва қаласындағы әлем чемпионаты 4 қарашаға дейін жалғасады.