Дөп

«Протезім өте қалың әрі ауыр»: Тамара Асар аяғындағы протезді жасыру үшін не киеді? (видео)

Тамара Асар аяғындағы протезді жасыру үшін не киетінін көрсетті

Танымал қазақстандық әнші Тамара Асар сахнада неге үнемі ұзын көйлек, белдемше киетінін айтып, қиын күндерінің куәсі болған қызыл белдемшенің тарихын баяндады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Тамара Асардың сахнаға киетін әр сәукелесінің салмағы үш келіден асады екен. Әншінің бағдарлама атымен сәйкес келетін «Әйел әлемі» деп аталатын бас киімі де бар.

Тамара Асар үшін әннің табиғаты, аранжировкасы және сахналық образы тұтас бір дүние. Сұқбатта бұларды бір-бірінен бөліп қарай алмайтынын айтты. Әнші өзі үшін аса құнды қызыл белдемше туралы да сөз қозғады.