Дөп

Зират басынан өтіп бара жатқанда бет сипау дұрыс па?

Қабір қасынан өткен кезде бет сипау қаншалықты дұрыс?

Muslim.kz сайты «Қабірдің жанынан өтіп бара жатқанда бет сипау дұрыс па?» деген сұраққа жауап береді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) сүннеті бойынша қабірге келген адам сол жерде жатқан әруақтарға Алладан кешірім тілеп, дұға етеді. Бұл – сауапты іс.

Қазақтардың қабір қасынан өтіп бара жатып бет сипауы Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) осы сүннетінен шыққан дүние. 

Алайда, тек бет сипап қана қоймай сол жерде жатқандарға іштей Алладан рахым тілеген дұрыс. Сонда сіздің әрекетіңіз құр бет сипағандық емес, Пайғамбарымыздың сүннетін орындағандық болмақ. [1] Мәдине қаласының оңтүстік шығысында орналасқан сахабалардың мәйіті жерленген қабыр. Бұны «Жәннәтуль Бақиғ» деп те атайды. [2] Муслим, Китабуль Жанаиз, (974) – 103 хадис.