Дөп

Асхат Аймағамбетов көпшілікпен сүйінші жаңалығын бөлісті

Асхат Аймағамбетов көпшілікке қуанышты хабарын айтып берді

Депутат Facebook-тегі парақшасында бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болғанын айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Алайда, депутаттар бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгізген.

Оның сөзінше, соңғы жылдары онкологияға қарсы күресте Президенттің қолдауының арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Кешенді жоспар бекітіліп, мамандандырылған орталықтың құрылысы аяқталуға жақын.

Сонымен қатар Ұлттық онкология орталығындағы протондық терапия орталығының құрылысын аяқтауға 4,2 миллиард теңге бөлу туралы ұсынысымыз да қабылданды.

Айтуынша, Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады.