Әскерге шақыру жасы өзгере ме?
Мәдениет және ақпарат министрлігі жауап берді
Қазақстанның заңнамасына сәйкес келмегендіктен, «Мерзімді қызметке шақыру жасын көтеру туралы» петиция 7 қазанда қабылданбай, кері қайтарылды. Ведомство Tengrinews редакцияның сұрауына жауап беріп, петицияның қорғаныс мәселелерін қамтымау қажеттігін түсіндірді, себебі бұл ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмейді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі
Сондай-ақ, министрлік ePetition платформасында өтініш беру кезінде манипуляциядан қорғау тетіктерінің қалай жұмыс істейтініне қатысты ақпарат ұсынды.