«Күнә жасадық»: боксшы бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)
Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын түсіндірді
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы атанған боксшы Данияр Елеусінов бірінші жұбайымен ажырусының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Айдос Ербосынұлының YouTube желісіндегі арнасына берген сұқбатында боксшы жеке өмірі туралы айтып берді. Олимпиада чемпионы қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бірінші әйелімен ажырасып кеткені туралы ойын ортаға салды.