Дөп

Ауылдың 90 оқушысы совхоз директорының үйінде білім алып жатыр – депутат

Бұл мәселеден шенділер де хабардар

Ұлытау облысы Жаңарқа ауданындағы мәселені Парламентте депутат Аманжол Әлтаев көтерді, деп Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Ұлытау облысының Жаңарқа ауданында Мыңадыр деген елдімекенінде 90 оқушы бұрынғы совхоз директорының үйінде оқып жатыр. 

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттен қаржыландыру керек деп жауап берілген. Бірақ жергілікті бюджет жуық арада “ақшамыз жоқ” деп ашық айтқан. “Тұйыққа тіреліп отырмыз” дейді депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Тамара Дүйсенова ол мектептерді білетінін айтты.

Тамара Дүйсенова 2025 жылы жоспар бойынша, “егер қаражат уақтылы түссе, жалпы бұл мектептердің құрылысын, жөндеуін қарастырамыз” деп мәлімдеді.