Талғардағы қанды оқиғадан кейін жаңа прокурор тағайындалды
Талғар ауданына жаңа прокуроры таныстырылды
Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев Талғар ауданына жаңа прокурорды таныстырды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Ерлан Алижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, қызметін Карағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.
Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы, ШҚО түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының прокуроры қызметін атқарған.
Бұған дейін Талғар аудандық прокуратурасын Ескендір Бекманов басқарған. Ол Талғардағы қанды оқиғадан кейін ұзамай қызметінен кеткен.