Футбол

Финал: Испания-Англия арасындағы ойын басталды LIVE

Бірінші тайым басталды.

Міне, көптен күткен күн де келді! Бүгін, 14 шілде, Германияда өтіп жатқан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы басталды. Берлиндегі Олимпиада стадионында Испания мен Англия кездесіп жатыр. 

Командалар финалға жету жолында түрлі сынақтарды бастан өткерді. Бірдей ойын санын өткізгенімен, жеңістерін овертаймдарда жұлып алғанымен, камбэктер жасағанымен, олардың әсері әр түрлі болды:

Испания – жүйелі команда, әртүрлі футбол ойнап, кез келген жағдайдан шығып кетуге қабілетті;

Англия – жұлдыздарға толы болғанымен, ойыны қызықсыз, кейде тіпті шыдамсыздық тудырады, финалға шығуы аномалиямен тең.

Қызығы, Англия мен Испания Еуропа чемпионаттарында бар болғаны үшінші рет кездесіп отыр. 1980 жылы топтық кезеңде британдықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті, ал 1996 жылғы Еуроның ширек финалында олар пенальти арқылы қарсыласын жеңді.

Бұл үрдіс сақтала ма? Әлде испандықтар алғаш рет Еуропа чемпионаттарында ағылшындарды жеңе ме? Бұл – үлкен интрига! Бүгінгі кеште бәріміз осы сұрақтың жауабын бірге күтеміз.