Дөп

Әскерге көшеден күштеп алып кетсе, сотқа беруге бола ма?

Қорғаныс министрі әскерге қатысты мәселеге жауап берді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамелетдинов жастарды әскерге көшеден алып кету жағдайларына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистер вице-министрден әскерге шақырылғандарды көшеден күштеп алып кетуге қатысты қорғаныс министрлігінің ұстанымы қандай екенін сұрады. 

Сондай-ақ журналистер әскерге шақырылған азаматты медициналық тексерістен өту үшін шақырып, сол жерде дереу оның әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытынды шығарып, әскерге алып кетудің қаншалықты заңды екені туралы сұрақ қойды. Сұлтан Камалетдинов әскерге шақырудың мұндай әдісін естімегенін атап өтті. 

Сұлтан Камалетдинов егер қазақстандықтар құзырлы органдардың қандайда бір әрекетін заңсыз деп санаса, сотқа жүгіне алатынын айтты.