Франциялық балуан көлік кептелісі кезінде медалінен айырылып қалды
Франциялық спортшы әлем чемпионатында тосын жағдайға ұшырады
Албанияда өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында франциялық спортшы Стефан Клемент көлік кептілісінің кесірінен жарысқа кешігіп қалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Стефан Клемент грек-рим күресінен 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Садық Лалаевпен қола жүлде үшін белдесуі керек болатын. Алайда франциялық балуан белдесуге кешігіп қалғандықтан, жеңіс Лалаевқа берілді.