«Жақын арада оң шешімін табады»: Қытайда қамалған қазақ қызы елге қайта ма?
Қытайда қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жақсы хабар айтылды
ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытай түрмесінде жатқан Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасап, жақын арада оң шешімін табатынын жеткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Azattyq Rýhy порталының хабарлауынша, Бас прокуратура барлық күш-жігерін салып жатыр.
Айта кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайынан 4 жарым келі есірткі алып өтпек болды деп айыпталған. Бір жылдан соң Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал отандасымыз өзін шетелдік досы, яғни Адиндо Нонсо Фортуненің арбауына түсіп қалғанын айтқан еді.