Әзірбайжандық күдікті Астана әуежайында ұсталды
Қазір ол елорданың уақытқа қамау изоляторында
Астана халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген Әзербайжан азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, бұл азамат 2022 жылы Бакуде әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесемін деп тұрғындардың қаражатын заңсыз иемденген.