+7 (000): енді Қазақстан мен Ресей телефон кодын бірге қолдануға болады
Қазақстан мен Ресей телефон кодын бірлесіп қолдануға келісті
Қазақстан Ресеймен бірге телефон коды +7 нөмірін бірлесе пайдалану туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
Жобаға сәйкес Қазақстан мен Ресей халықаралық телефон желісінің 7-аймағындағы нөмірлерді (+7) бірлесіп пайдалануды жалғастырады.
Сонымен қатар Ресей 200-299, 300-399, 400-499, 500-599, 810-818, 820-821, 831, 833-836, 840-848, 850-851, 855-857, 860-863, 865-867, 869, 871-873, 877-880, 900-999 код диапазондарын ерекше тәртіпте пайдалана алады. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) кодтары қолданылады. Қазақстанға келетін болсақ, құжатта төмендегі диапазондағы кодтар бекітілген: 000 – 099, 600 – 699, 700 – 799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).
Бұдан бөлек екі мемлекет бірлесіп пайдаланатын диапазондарға қол жеткізе алады: 100–199, 800–809 және 881–899.
Нөмірлеу кодтарының бірлесіп пайдаланылатын диапазондарын пайдалану кезінде тараптар:
нөмірлеу кодтарын бірлесіп пайдаланылатын мемлекеттер заңнамаға сәйкес өз бетінше тағайындайды;
аталған нөмірлеу кодтарының диапазондарын тек өз мемлекеттерінің телефон байланысы желілерінде ғана пайдаланады.
Қазақстан үкіметінің қаулысы 26 қазанда қол қойылды.