Дөп

Шерзат Болаттың ісіне қатысты тың дерек шықты

Марқұм Шерзатқа қатысты сот-медициналық сараптама шықты

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің сөзінше, сот-медициналық сараптамаға қатысты 5 түрлі сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Атап айтар болсақ, сот-медициналық сараптама, өрттің себебін анықтау бойынша сараптама, фототехникалық сараптама, молекулалық-генетикалық сараптама және биологиялық сараптама. Қазіргі таңда сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілді, қалған екеуі әлі зерттеу сатысында.

Ресми өкіл сараптама барысында қандай да бір қарудың тәркіленгенін хабарлауға құқығы жоқ екенін атап өтті.