Дөп

Елімізде IT-мамандардың орташа айлығы 588 мың теңге

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жауап берді

Сенаттың пленарлық отырысында Жаслан Мәдиев 2023 жылы Қазақстанда IT-саланың қарқынды өсуін атап өтті, бұл саланы жұмысқа орналасу үшін ең тартымды бағыттардың біріне айналдырды. Оның мәліметінше, IT-компаниялардың саны 17 922-ге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Министрдің пікірінше, мұндай көрсеткіштер IT-секторға қызығушылықтың артып, оның қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.