Футбол

Абай облысының федерациясы қазақша атауға неге қарсы болды?

"Абай облысына қазақ тілі қатты бір ұнай қоймайтын секілді"

Астанада Қазақстан футбол федерациясы XXV Конференциясы өткізді. Отырысқа ФИФА мен УЕФА, ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, аймақтық футбол федерациясыларының делегаттары мен Атқарушы комитет мүшелері қатысты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұл жиында футбол федерациясының атауына қатысты мәселелер де талқыланды. ҚФФ президентінің кеңесшісі Ермұхаммед Мәулен Telegram желісіндегі арнасында осы мәселе бойынша жазды.