Дөп

Ұлттық ұлан қызметкері Көкшетауда қылмыскерді ұстады

Қылмыскер көлік ұрламақ болған

Ұлттық ұланның әскери қызметкері Көкшетауда көлік ұрламақ болған адамды ұстады, - деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қараша күні таңертең қаладағы үйлердің бірінің ауласында болған. Қызметтен соң үйіне қайтып келе жатқан кіші сержант Жеңіс Ахметов таңғы сағат 5:00 шамасында әйелінің "Біздің көлікті біреу оталдырды" деген сөзінен оянған. Аулаға шыққан ол бейтаныс біреудің оның көлігін ұрлап жатқанын көріп, бірден ізіне түскен.

Көрші аулаға бұрылған ұры кіші сержанттың көлігін тастап кетіп, басқа көлікті ұрламақ болған. Алайда гвардияшы ұрыны қуып жетіп, ұстап үлгерген.