"Реал Мадрид" УЕФА ұйымымен байланысын үзді
Корольдік клуб "Алтын доптың" Винисиусқа берілмегеніне ашулы
Әлемге әйгілі "Реал Мадрид" клубы Винисиусқа "Алтын доп" жүлдесін табыстамағаны үшін УЕФА-ға байкот жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Бұл шешімді мадридтік клубтың басшылары қабылдады. Олар жүлденің Винисиусқа берілмегеніне наразылық танытып, "Алтын доп" жүлдесінің ұйымдастырушыларымн бүкіл байланыстарын үзді. Сонымен қатар, УЕФА ұйымымен тек ойындардың кестесін талқылау мақсатында ғана келіссөз жүргізетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, "Алтын доп" жүлдесі Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри Эрнандеске берілген болатын.