Қазақстанда өткен MMA турнирінде адам өлім аузынан қалды (видео)
Астанада өткен турнирде қайғылы жағдай орын ала жаздады
Астанада аралас жекпе-жектен өткен Dala Fighting Championship турнирінҚде қайғылы оқиға орын ала жаздады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков (14-8) үндістандық қарсыласына қылқындыру әдісін жасаған кезде, рефери оның талып қалғанын байқамаған.
Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Жұмабеков Үндістаннан келген файтер Абилхаш Раутты (2-4) алдымен жерге атып ұрып, артынша оған қылқындыру әдісін жасады. Оның талып қалғанын төреші байқамағанымен, Жұманның өзі байқап, әдісті дереу тоқтатты. Мұнан кейін де үнді спортшысы біраз уақыт есін жия алмай жатты.
Реферидің мұндай салғырттығына жанкүйерлердің көбі наразылығын білдіріп пікір жазды. Олардың қатарында елге танымал файтер Артем Резников те бар.
Ал осы турнирдің басты жекпе-жегі қазақстандық танымал файтер Васлий Тахтай (10-0) және америкалық ардагер Уилл Чоуп (42-23) арасында өткен болатын. Отандасымыз небәрі 40 секундта қарсыласын жерге құлатып, партерде ұрып тастады әрі осы турнирдің жеңімпазы атанды.