Енді зейнетке 50 жасқа жастан шығуға болады
Министр зейнет жасына байланысты сұраққа жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова аталған жайтқа байланысты пікір айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Оның айтуынша, зейнет жасына келген, бірақ жұмысын әлі де атқарып жүргендерге зейнетақы төлемеу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Зейнетке ерте шыққысы келетіндердің ұзақ уақыт бойы зейнет жарнасы аударымы болуы шарт. Демек, адам 20 жасынан бастап жұмыс істесе және тиісті жарналары уақытылы аударылса, ол 45 жасында зейнетке шығуы мүмкін. Яғни, болашақ зейнеткердің еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы тиіс.
Еске салайық, бұл ұсыныс нақты қабылданған жоқ, министрлік тиісті органдармен бірлесе қарап, шешім шығарады.
Дереккөз: Skifnews.kz.