Жаңалықтар

"Ескі суретін көрсетті": Шавкат қарсыласының жарақатына күмәнданды

Шавкат Рахмонов қарсыласының жарақатына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов журналист Ариэль Хельвани шоуының тікелей эфирінде UFC чемпионы Белал Мухаммадтың жарақатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.