Дөп

"Күдік бар": Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды (фото)

Әнарудың адвокаты істің қайта қозғалғанын хабарлады

Боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды. Бұл туралы Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Келесі апта тергеу қайта басталады. Бірақ жәбірленуші тарап алдыңғы істің қысқартылғаны туралы заңсыз шығарылған қаулыны жарты ай уақыт өтсе де әлі алмаған.