Бокс

"Алтын жігіт": чемпион атанаған боксшы бірден үй шаруасына кірісіп кетті (видео)

Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан үй шаруасына кірісіп кетті

Жуырда бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырханның үй шаруасын істеп жүрген видеосы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Dopmedia.kz. 

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Төрехан Сабырхан ат ерттеп, даладағы жұмыстарды атқарып жүргенін көруге болады. Желі қолданушылары оның қарапайымдығы мен тәрбиесіне тәнті болды. 

Еске салайық, Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында кубалық Давид Эспиноcа Сантояны жеңіп, 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі. Сондай-ақ әлем біріншілігінің үздік боксшысы атанды.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ.