“Қорқаулар тістеп-талап, өлтіріпті”: белгілі ақын марқұм Шерзатқа өлең арнады
Дәурені жүріп тұр-ау шибөрінің, Қиналмай бөлтіріктің қиды өмірін
Ақтөбелік ақын Ершат Қайболдин Талғарда төбелес кезінде аяусыз өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болатқа өлең арнады, деп Dopmedia.kz тілшісі KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жантебірентер өлеңін өзінің желідегі парақшасында жариялады.
Өлеңді оқыған желі қолданушылары көздеріне жас алып, ақынға шығармашылық табыс тіледі.
Олар “Сол баяғы сор қазақ, намысты үйретпейміз ау ұлымызға”, “керемет туынды”, “төбем шымырлап кетті ғой” секілді пікірлер қалдырды.