«Атайын десең – аң емес, сояйын десең – мал емес»: депутат халықты шошытты
Депутат квадроберлерге қатысты тағы дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев квадроберлер мәселесін көтеріп, көрші елдердегі жағдайды айтты, деп Dopmedia.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутат бұл құбылысты балалар мен жасөспірімдерге төніп тұрған қатер деп бағалады.
Дәулет Мұқаев квадроберлерге қатысты жантүршігерлік деректер көрші елдерде тіркеліп жатқанын жеткізді.
Депутат батыс елдеріндегі жағдай мүлдем күрделі екенін, балалар сабақта сөйлеуден бас тартып, жануарша дыбыстауды шығарғанын айтты.
Депутат құзырлы органдардан бұл мәселені жан-жақты зерттеп, алдын алу бойынша шаралар қабылдауды сұрады.