Допинг дауымен аты шыққан Алексей Ниге аса ауыр жаза берілді
Ол спортшыларға допингті қасақана ішкізген
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге қатысты түпікілікті шешім қабылданды. Ол енді өмірінің соңына дейін спорттан шеттетіледі, деп Dopmedia.kz тілшісі "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қабылдаған. Нидің мұндай жаза алуына Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтардың допингпен ұстауы себеп болды. ITA шешімі түпкілікті қабылданды.
Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетілмек.
Айта кетейік, Қазақстан допингтің расталуына байланысты алты бірдей алтын медальден айырылды.
Бұған дейін ITA төрт қазақстандықты өмір бойына спорттан дисквалификациялаған:
Естеріңізде болса, Ни Қазақстан құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында баптады. Риодан соң ресми түрде жұмыстан кетті.