Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Тұрғындарды алдағы уақытта қолайсыз ауа райы күтіп тұр
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш тәулік, 2024 жылғы 7-9 қараша аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Болжамға сәйкес, елорда мен елдің екі ірі мегаполисі тұрғындарын қолайсыз ауа райы күтіп тұр.
Астана:
7 қараша - аспан бұлтты, қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 23-28 м/с, тіпті 30 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз: -4...-6°С.
8 қараша - аспан бұлтты, аздап қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°С, күндіз: -3...-5°С.
9 қараша - аспан бұлтты, аздап қар жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: - 6...-8°С, күндіз - 2...-4°с.
Алматы:
7 қараша - аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: +1...+ 3°С.
8 қараша - аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+ 2°С, күндіз: + 4...+6°С.
9 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+ 2°С, күндіз: + 7...+ 9°С.
Шымкент:
7 қараша - аспан бұлтты, түнде және таңертең-жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, түнде - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+ 2°С, күндіз +6...+8°С.
8 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндіз -15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +8...+10°С.
9 қараша - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығысқа ойыса оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +8...+10°С.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша 2024 жылғы 7, 8 және 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Болжамға сәйкес, Қазақстанға арктикалық циклон жылжып келеді, сынап бағаны 11 градусқа дейін төмендеп, күн күрт суытады.