Дөп

Камала Харрис өз жеңілісін АҚШ алдында мойындады

Ол Трамппен сөйлесті

АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер болған вице-президент Камала Харрис Республикалық партия атынан қатысқан қарсыласы Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін қоңырау шалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Олар билікті бейбіт жолмен тапсырудың маңыздылығы мен Президенттің барлық америкалықтар үшін атқаратын рөлін талқылады. Әңгіме бірнеше минутқа созылды.