Бүгін қандай күн - 7 қараша
Мектептегі зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы күрес күні атап өтіледі.
7 қарашада - мектептегі зорлық-зомбылықпен және қорлаумен күресу күні. Бұл күн 2019 жылы белгіленді, сол жылы ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер буллингті балалар мен жасөспірімдердің білім алу құқығын бұзушылық деп таныған еді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Мерекенің мақсаты – ата-аналар мен мұғалімдердің назарын осы мәселеге аудару. ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле мұғалімдер сыныптарда орын алатын қорлықтарды көрмей қалмауы тиіс екенін баса айтады.
Бұл күні кибербуллинг мәселесі де көтеріледі. ЮНЕСКО басшысы мектептегі қорлықтың кейде ғаламторға да тарайтынын мойындайды. Жасөспірімдер интернетте де қорлық пен қоқан-лоққыға ұшырауда. Одрэ Азуле ата-аналарды балаларына бей-жай қарамауға шақырады – олармен әңгімелесіп, қажет болса, психологқа жүгінуге кеңес береді.