UFC-дің атышулы спортшысы Шавкатпен жекпе-жек өткізуге келісті
UFC оны шақырса, жекпе-жекке келісетінін айтты.
Америкалық жеңіл салмақтағы UFC боксшысы Колби Ковингтон YouTube-тегі Submission Radio арнасына берген сұхбатында жекпе-жекке әрқашан дайын екенін және UFC оны шақырса, жекпе-жекке келісетінін айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
296 турнирінің алдындағы баспасөз мәслихатында американдық боксшы қазіргі титулға қарсыласының есімін бұрмалап, балағаттады. Сондай-ақ Колби Шавкат туралы жағымсыз пікір айтқан видео түсірді.