Дөп

РФ президенті Путин Астанаға келеді

Ол мемлекеттік сапармен келеді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, - деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кеңейтілген кездесуде мәлім еткендей, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған.

Бұған дейін Ресей басшысы Қазақстанға биылғы шілдеде - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін келген болатын.