Жаңалықтар

Спорттағы былық: қаржы тиімді қолданылмаған

Соңғы 4 жылдағы көрсеткіштерді сараладық. Нәтижесінде, олимпиадалық емес спорттарға көбірек ақша бөлнетіні анықталды.

Спорттық нысандарын жөндеудің орнына, қымбат көліктер сатып алынған. Ал, спортшылардың керек-жарақтары жартылай ғана қанағаттандырылып келген. Өңірдерде спорт саласына бөлінген қаржы осылай оңды-солды жұмсалып жатыр. Бұны  ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы жұмыс тобы  анықтады. 

Бұған қоса, кейбір аймақтар олимпиадалық спорт түрлерін жауып, оның арнына олимпиадалық емес түрлерін ашуға әуес. Бұл жағдай халықаралық жарыстарда оңай жетістікке жетіп, сол арқылы салаға жауаптылардың айлыққа қосымша төлем процентін көбейтуге мүмкіндік береді дейді жұмыс тобының өкілі Айжан Айтқожақызы.