СЕНСАЦИЯ: Қазақстан Өзбекстанды 13:1 есебімен жеңді
Халықаралық турнир Көкшетау қаласында өтті
Көкшетауда КСРО спорт шебері Асқар Сатыбаевты еске алу мақсатында бокстан жастар арасында халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Ерлер арасындағы медальдар 46-дан 92+ келіге дейінгі он төрт салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан боксшылары он үш алтын жеңіп алды. Олардың ішінде: Әлішер Аривжан (46 келі), Нұрбек Азадов (48 келі), Бексұлтан Көбергенов (51 келі), Мұхамедали Қалиев (54 келі), Әли Мереке (60 келі), Мұхамедали Қалиев (63,5 келі), Тагир Сатаев (67 келі) чемпиондар атанды. ), Бекарыс Нұрмұхан (71 келі), Жандос Алпысбаев (75 келі), Аманжол Иманғалиев (80 келі), Бақытжан Айтмұханов (86 келі), Әният Тілеужан (92 келі) және Нұрсұлтан Жолдасбек (92+ келі) бар.
Қонақ ретінде қатысқан мемлекеттердің арасынан 57 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Джамшид Джаббаров қана жоғары нәтиже көрсетті. Қорытындысында, Өзбекстан құрамасы 1 алтынмен қайтты.