Талибандар алғаш рет БҰҰ конференциясына қатысады
Конференция Әзірбайжанда өтеді
Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі Талибан билігі БҰҰ ұйымдастырған конференцияға қатысатынын растады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық агенттіктің делегациясы Баку қаласына жетіп үлгерген.
Осыған дейін Талибан билігі мұндай іс-шараларға қатыспаған. Әзербайжан астанасында өтетін COP29 климаттық саммиті Кабулды басып алғаннан бері Талибан өкілдерінің қатысуымен өтетін ең ірі халықаралық шаралардың бірі болмақ.
БҰҰ Талибан билігін әлі күнге дейін Ауғанстанның ресми үкіметі ретінде мойындамағандықтан, олар Бас ассамблеяға толыққанды мүше бола алмайды. Бұған тәліптердің әйелдерге қойған шектеулері, олардың білім алуына және қоғамдағы еркін қозғалысына тыйым салуы себеп болып отыр.