Дөп

Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені рас па?

Желіде Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады

ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қашып кетті деген әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп Dopmedia.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыпталушы жазасын Астананың іргесіндегі Аршалыдағы түрмеде өтеп жатыр. Ал Байжанов қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекеге жолданған болатын.