Бокс

Қазақ қызы бокстан үшінші рет Ресей чемпионы атанып, 1,5 млн рубль сыйақы алды

Қазақ қызы бокстан үш дүркін Ресей чемпионы атанды

Этникалық қазақ Салтанат Меденова бокстан үшінші рет Ресей чемпионы атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Омбы облысының намысын қорғаған Салтанат Меденова 81 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі. Ол финалда краснодарлық Анастасия Демурчяннан басым түсті. 

Ресей біріншілігіне 48 өңірден 172 спортшы қатысты. Бірінші орын иегерлеріне 1,5 млн рубль (7,5 млн теңге), екінші орынға 250 000 рубль (1,2 млн теңге), ал үшінші орынға 125 000 рубль (631 мың теңге) сыйақы берілген. 

Салтанат Меденова осымен үшінші мәрте Ресей чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ ол биыл халықаралық БРИКС ойындарында алтыннан алқа таққан болатын.