Путин мен Зеленскийге хабарласқан: Трамп екі елдегі соғысты тоқтатуға күші жете ме?
Трамп екі ел президентіне не уәж айтты?
Дональд Трамп президенттік лауазымға кіріспей жатып Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті, деп Dopmedia.kz тілшісі Malim.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Газеттің хабарлауынша, Трамп 7 қарашада Ресей президентіне қоңырау шалған. Олар Украинадағы жағдайды талқылаған. Ал Reuters агенттігі 6 қарашада, яғни Путинмен сөйлесуден бір күн Украина президенті Зеленскиймен Трамптың хабарласқан деген ақпарат таратты.
Трамп Путинге Американың Еуропадағы әскери ықпалын айтып, «жағдайды бақылаудан шығарып алудың қаупі зор боларын» ескерткен.Украина тарапы Трамптың Путинге хабарласатыны туралы алдын ала ақпарат бермегенін жеткізді. Ал Трапм әкімшілігінің коммуникациялар бойынша жетекшісі Стивен Чунг ірі лауазымды тұлғалардың қоңырауына алдын ала түсініктеме берілмейтінін ескертті.
Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде егер жеңіске жетер болса, екі ел арасындағы соғысты дереу тоқтата алатынын мәлімдеген. Бірақ қандай шарт қоятынын ашып айтпаған.
Осыдан бұрын әлемдік ақпарат құралдары Трамп Ресей мен Украина арасында буфер аймағын құруды ұсынуы мүмкін деген болатын. Буфер аймағын қалай құрады, оған екі жақ келісе ме деген сұрақтарға жауап жоқ.
Трамп президент болса, Украинаға АҚШ беретін көмек азайып, Ресейдің жеңіске жету ықтималдығы артады деген болжам көп айтылды. Бірақ кейбір сарапшылар 2017-21 жылдары президент болған кезінде Трамп Ресейге оң қабақ танытпағанын, әлі де сол позицияда қалуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Дереккөз: The Washington Post.