Жаңалықтар

EURO2024: Финал үшін жанын берген жанкүйер

Түркия Республикасының Бурса қаласында футбол үшін жанкүйерлік еткен тұрғын қайтыс болды

Бурса қаласының Османғази ауданында Еуро-2024 Чемпионатының шешуші ойынын тамашалау үшін жұмыс орынында қалған 64-жасар қария отырған жерінде дүниеден озды,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Мезут Озмер футболға жанкүйерлік еткен сәтінде қатты толқып кетіп, жүрегі тоқтап қалған. Қарияның жерде құлап жатқанын көрген көршілер жедел-жәрдем шақырып көмек көрсетті. 

Өкінішке қарай, Месут Озмер 64-жасында өмірден озып кетті.