Туризм және спорт министрлігіне қарасты комитеттің төрағасы тағайындалды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы сайланды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне Руслан Бахыттыұлы Есеналин тағайындалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Үкіметтің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Руслан Есеналин 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Мемлекеттік қызмет институтын, Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары СҚО БЖСМ бокс және кикбоксинг бойынша жаттықтырушы-оқытушысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ СҚО Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының кикбоксинг бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы болды.
2008–2012 жылдары СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2012–2020 жылдары СҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып еңбек етті.
2020 жылдан 2024 жылға дейін – "Құлагер" хоккей клубының директоры. 05.06.2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Астана" олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары болды.