LRT-ның экс-басшысына қатысты үкім шықты
Ол 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан
Іздеу жарияланған LRT экс-басшысы Талғат Ардан тағы да сырттай сотталды. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты хабарлады, деп жазады Dopmedia.kz.
Іс сотталушыға қатысты халықаралық іздестіру жарияланғандықтан оның қатысуынсыз сырттай қаралды.
Аталған сот таратқан хабарламаға қарағанда LRT экс-басшысы Талғат Ардан қызмет мүдделеріне қайшы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, нақты қажеттіліксіз LRT құрылыс жобасы бойынша Қытайдың мемлекеттік даму сыртқы қарыздың бірінші траншы ретінде 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан. Қаражат түскен сәттен бастап олар жоба бойынша пайдаланылмаған деген айып тағылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, биыл шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданды БАҚ арқылы жауап алуға шақырған. Бірақ аталған тұлға жауап беруге уақытында келмеген еді.