"Ақша үшін ойнамадық": чемпион атанған қазақ хоккейшілеріне сыйақы берілмеді ме?
Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Азия чемпионатын қорытындылады
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушыларының бірі Талғат Жайлауов Алматыда өткен Азия чемпионатында команданың ойынына баға берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Айта кетейік, хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Алматыда 6-9 қараша аралығында өткен тарихи Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды.