"Бірнеше ұсыныс бар": Нұрсұлтан Құрман қай футбол клубтың директоры атанады?
Нұрсұлтан Құрман түркістандық клубтың директоры атана ма?
Қазақстан футзал қауымдастығының бұрынғы вице-президенті Нұрсұлтан Құрман түркістандық "Тұран" футбол клубының директоры қызметіне тағайындалу мүмкіндігіне қатысты мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Жақында Қазақстан футзал қауымдастығының бұрынғы вице-президенті Нұрсұлтан Құрманның "Тұран" футбол клубының директоры қызметіне тағайындалуы мүмкіндігі туралы ақпарат тараған еді.
Meta-ratings.kz сайтына берген жауабында Нұрсұлтан Құрман қазан айында Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартының аяқталғанын растады. Алайда "Тұран" клубы тарапынан оған ешқандай ресми ұсыныс түспегенін, қоғам мен жанкүйерлердің қолдауы болғанымен, клубпен ешқандай байланыс болмағанын мәлімдеді.