Дөп

"Жұмыстары мардымсыз": Бектенов көңілі толмайтын әкімдіктерді атады

Олжас Бектенов көңілі толмайтын әкімдіктерді атады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Олжас Бектенов халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерін есепке алуды және оларға газ датчиктерін тегін орнатуды тапсырды. Үкімет басшысы жұмыстары мардымсыз әкімдіктерді де атады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Отырыста жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі қаралды.

Олжас Бектенов профилактикалық іс-шараларды сапалы іске асыру және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды.

Төтенше жағдайлар министрлігіне газ техникалық инспекцияның өкілеттігін күшейту жұмыстарын жүргізу, ал әкімдіктерге министрлікпен бірлесіп өрт қауіпсіздігі айлық шарасын ұйымдастыру тапсырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларға ерекше назар аудару керек.

Премьер-министр әкімдіктерге газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Премьер-министр Өнеркәсіп министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, баллондар өндірісін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.