Футбол

Финалиссима-2025: Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі

Финалиссима - Еуропа чемпионаты мен Америка кубогында жеңімпаз атанған құрамалар кездесетін турнир.

Бұл турнир алғаш рет 1985 жылы өткізілді. Ол уақытта Артемио Франки кубогы деп аталатын еді,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Алғашқы ойында Франция құрамасы Уругвайды 2:0 есебімен жеңіп кеткен. 

Одан кейін 1993 жылы Аргентина Даниямен 1:1 есебімен тең түсіп, пенальтилер сериясында 5:4 есебімен жеңіске жетті. 2022 жылғы ойында Аргентина Италиядан 3:0 есебімен басым түсті.